Касым-Жомарт Токаев выступил на официальной церемонии вступления в должность Президента Республики Казахстан. Аса қадірлі Елбасы! Құрметті отандастар!Ең алдымен, маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын!Бұл сайлау, шын мәнінде, демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында, нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды.Барлық саяси күш өкілдері қатысты. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды.«Сайлау – бұл қатысушылардың пікірі ғана жеңіске жететін жарыс», – дейді.Расында, әділ пікір.Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан, бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі!Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық.9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген…