Басты құжат бекітілді

Дүйсенбі күні Қарағанды қалалық мәслихатының өтіп бара жатқан жылдағы соңғы сессиясы болып өтті. Оны сессия төрағасы Юлия Бадина ашып, жүргізіп отырды. Сессияның жұмысына Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабдығали Оспанов қатысты.
Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ

maslihat11Күн тәртібіне елеулі мәселелер қойылды. Соның ішіндегі ең бастысы депутаттар «Қаланың басты стратегиялық құжаты» деп атаған Қарағанды қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы мәселе екендігі даусыз. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Риза Мукеева баяндама жасады. Депутаттар баяндаманы тыңдай келіп, қаланың 2019 жылға арналған бюджетінің кірістері – 57 518 895 мың теңге, оның ішінде салық түсімдері бойынша – 35 346 538 мың теңге, салықтық емес түсімдер бойынша – 176 873 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 3 870 595 мың теңге, трансферттер түсімі – 18 124 889 мың теңге, шығындары – 52 980 611 мың теңге, таза бюджеттік кредиттеу – 2 241 920 мың теңге, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – минус 441 716 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 441 716 мың теңге, бюджет тапшылығы (профициті) – 2 738 080 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – минус 2 738 080 мың теңге, оның ішінде қарыздар түсімдері – 2 241 920 мың теңге, қарызды өтеу – 4 980 000 мың теңге деп бекітті.
2019 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 847 964 мың теңге сомасындағы субвенциялар көзделгені ескерілді.
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2019 жылға арналған резерві 737 263 мың теңге сомасында бекітілді.
Бұған қоса сессияда келесі жылға арналған қала бюджетінің түсімдері мен шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер көзделгені, қала бюджетін атқару кезінде жалақы төлеуге кететін шығыстардың секвестерлеуге жатпайтындығы ескеріле келіп, секвестерлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі, қаланың Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандарының бюджеттік бағдарламалары бекітілді.
Келесі қаралған мәселе бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарская биылғы жылдағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылған жобалардың сапасы және келесі жылы атқарылмақ жобалар туралы есеп берді.
Биылғы жылы мемлеккеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі – 21 жобаны, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 3 жобаны, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 3 жобаны, білім бөлімі – 4 жобаны, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 2 жобаны жүзеге асырды.
Осыған байланысты сессияда біздің елімізде азаматтық демократиялық қоғамды дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлінің ауқымдылығы атап өтілді, маңызды мәселелер мен проблемаларды шешудегі орынының зорлығы баса айтылды. Осыған байланысты жобалардың әлеуметтік тапсырыс бойынша сапалы жүзеге асырылуының маңызы зор. Сондықтан да депутаттар алдын ала тыңдау кезінде мынадай мәселелерді ерекше ескеру қажеттігіне тоқталған еді.
Қаламыздың аумағында жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуына байланысты, есірткінің таралуына жол бермеуге және оларды қолданудың зардаптарының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін қамтитын жобаларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы (барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен) жүзеге асырылсын. ҮЕҰ жобаларын қарастыру жөніндегі жұмыс тобы мәжілістерінің қорытындылары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асыруға жоспарланған жобалар тізімі анықталсын. Азаматтық бастамаларды қолдау және әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуеттерін тарту мақсатында ҮЕҰ гранттық қаржыландыру туралы мәселені қарастыру, себебі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс кезінде баға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі анықтаушы рөл атқарады.
Сөйтіп, мәселені талқылай келіп, қалалық мәслихат Қарағанды қаласы әкімдігінің өтіп бара жатқан жылдағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылған жобалардың сапасы және келесі жылы атқарылмақ жобалар туралы есебін бекітті. Бұдан соң қала әкімдігіне жастар арасында синтетикалық есірткі заттарының таралуына жол бермеуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды қарстыру; жастардың, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуын көздейтін және оларды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыруды арттыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2019 жылғы жобалар тізіміне өзекті, сұранысқа ие және өңірде әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды ескеруді ұсынды. Мұның ішінде медиацияны дамыту, асырап алушы ата-аналар мектебінің жұмысын жақсарту, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу, ардагерлер ұйымының жұмысын қолдау, мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін бағалау мкақсатында соңғы нәтижеге қол жеткізу тетігін әзірлеу және басқа да жұмыстар бар.
Қаралған тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік жастар саясатының 2018 жылдың 11 айы ішінде жүзеге асырылу барысы туралы мәселе болды.
Сонымен қоса жастарды қаланың проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында мәдени-сауықтық шараларға қатысуға тарту, талантты жастарды қолдау, олардың патриоттық және азаматтық тәрбие деңгейін арттыру, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға (қаланың тиісті әлеуметтік инфрақұрылымдарының нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету) тарту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, ұраншыл жастар мен әлеуметтік аутсайдерлер қатарынан әлеуметтік топтармен дара тіл табысуын ескере отырып, жастардың діни сауаттылығын қалыптастыруға және экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру жөнінде қала әкімдігіне ұсыныс жасады.
Сонымен қоса жастар саясаты саласында жобаларды жүзеге асыру кезінде оларға мүмкіндігі шектеулі жандарды қатыстыру үшін тең дәрежеде мүмкіндікпен қамтамасыз ету, жастар саясаты саласында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы халықтың хабарлануын арттыруға бағытталған жұмысты тұрақты негізде жүргізу, жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу тетігін жобалардың тимділігін бағалау мақсатында әзірлеу және басқа мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
Сессия күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық мәслихаттың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Төлеген Әшімовтың есебін тыңдады және бекітті.
Сессияда ҮІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылдың І жарты жылдығына арналған келешек жұмыс жоспарын бекітті.
Сессия Қарағанды қаласының 2016–2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы мәселе қарады. Бұл туралы қала экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айнұр Апақашеваның хабарламасы тыңдалып, бекітілді.
Сессияда Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бүгін қаланың аса маңызды стратегиялық басты даму құжаты бекітілгендігін атап өтіп, қалалық мәслихаттың депутаттарын құттықтап өтті.
– Біз биылғы жылы талай жұмыс атқардық. Ол қала бюджетінің арқасы. Көптеген әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандар күрделі және жай жөндеулерден өтті. Мектептерге мыңнан астам компьютер, оқулықтар сатылып әперілді. Елбасының халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұлан-асыр істер орындалды.
Жұмысымыздағы басты бағыт – жастар саясаты болып табылады. Алдағы жылдағы барлық жүргізілетін шараларымыз Қарағанды қаласының 85 жылдығына орайластырылмақ. Ол үшін қаланы абаттандырып, көшелерді асфальттау және жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл жұмыстар үшін 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Келесі жылы Жасөспірімдер сарайының құрылысы басталады деп жоспарлап отырмыз. Республика даңғылының бойындағы бақжолын салу, Приканальная көшесінің екінші жағындағы жұмыс аяқталады. Бюджетіміздің толығуына қолайлы әсерлер көп болып тұр. Бұдан басқа да ірі-ірі жобаларымыз бар. Біздің өңірде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша аса ірі көтере және бөлшектей сату орталығы іске қосылады. Бұдан басқа да құрылыс жұмыстары қарқынды болмақ. Оңтүстік Шығыс пен Майқұдық арасындағы құрылыс жұмысы толас таппайды. Бүгін біз қаламыздың ең басты стратегиялық құжатын бекіттік. Енді оны халықтың өмір сапасын жақсарту жолында жүзеге асыруымыз қажет, – деді қала әкімі.
Осымен сессия өз жұмысын аяқтады.

  • Нравится
  • Материалы по дате (городская жизнь)

    « Март 2019 »
    Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31